Новосібірмен шекарада көлік кептелісі пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Новосібірмен шекарада көлік кептелісі пайда болды

28.06.2024

 Павлодар облысындағы көршілес Ресей мемлекетінің Новосібір облысына шығатын «Қосақ» шекаралық бекетінде көлік кептелісі пайда болды. Кеше кешкі 18:00-ден бастап кезек күтіп тұрған 150-ге жуық жүк көлігі өткізу пунктіне дейін ұзындығы 5 шақырымнан аса тізбек құрған. Куәгерлердің айтуынша, Ресейден кіреберіс дәлізде көліктер Қазақстан жағынан кіре алмай тұр. Кешеден бері аймақта күн қатты ыстық. Кей жерлерде 42 градусқа дейін көтерілді. Жолаушылар мен жүргізушілер әбден діңкелеп шаршағандарын айтып шағымдануда. Кептелістің нақты себебі әзірге анықталып жатыр.

Болат Аманбай


Хабарламаларға жазылу