Елімізге инвестиция тартып, бизнеске қысымды азайтудың жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге инвестиция тартып, бизнеске қысымды азайтудың жолдары талқыланды

27.06.2024

Жыл соңына дейін жекешелендіру бойынша мемлекеттік активтердің тізімін «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі» жүргізеді. Сондай-ақ, тауар нарықтары мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне талдау жасайды. Бұл туралы жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңсенің алғашқы отырысында белгілі болды.

Агенттік кеңсенің ресми отырыстарын ұйымдастырады, қажетті құжаттарды дайындайды. Кеңсе құрамына парламент депутаттары мен министрліктердің өкілдері, ірі ұлттық холдингтердің басшылары кіреді. Бұдан бөлек, шарада алдағы 4 жылға арналған жекешелендірудің стратегиялық бағыттары мен тәсілдері талқыланды.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу