Ресейде жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, екі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, екі адам қайтыс болды

27.06.2024

Ресейдің Коми аймағында жолаушылар пойызының вагондары жолдан тайып кетті. РЖД компаниясының мәлімдеуінше, оқиға орнынан екі адамның денесі табылып, біреуі жоғалып кеткен. Апаттың себебі тергеліп жатыр.

Инта қаласы маңында тоғыз вагон аударылып қалған. ТАСС агенттігі, 40 адам жарақат алғанын хабарлады. ВоркутА қаласынан Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск қаласына бара жатқан пойызда, бас-аяғы 215 жолаушы болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу