Түркістан облысында балабақшада ұшынып қалған бүлдіршіндер ауруханадан шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында балабақшада ұшынып қалған бүлдіршіндер ауруханадан шығарылады

27.06.2024

Түркістан облысының Келес ауданында астан ұшынып қалған бүлдіршіндердің жағдай жақсарды. Аудандық аурухананың басшылығы емдеу мекемесінде жатқан үш баланы ертең үйлеріне шығады деді. Амбулаториялық бақылауға алынған өзге бүлдіршіндердің жағдайы қалыпты.

Еске салайық, маусымның 24-і күні, Амангелді ауылындағы жекеменшік балабақшада 34 тәрбиеленуші астан уланып қалған еді. Сан-эпид басқарманың мамандары, тиісті сынамалар алған, зертханалық тексеру жүргізуде.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу