Сенат адам саудасы құрбандарының құқығын қорғайтын заңды мақұлдады. Енді адамды құлдыққа салу, құлдыққа сатумен байланысты қылмыс бойынша жаза күшейеді. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, елімізде жыл сайын дәл осындай 150-ге жуық қылмыс тіркеледі. Оның ішінде адам саудасы құрбандарын жалдаумен және қанаумен айналысатын трансұлттық топтардың да заңсыз әрекеттерінің жолы кесіледі.
Мұрат Қадырбек, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Негізгі заңда алғаш рет заңнамалық негізде адам саудасының құрбаны адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері және басқа да осындай ұғымдар көзделеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың кешенді жұмысын қамтитын адам саудасына қарсы іс-қимыл жүйесін қалыптастыру қарастырылады.
Айя Мүтәлі