Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 3 айда 400-ге жуық адамды кене шақты. Олардың 30 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Кене шағу қаупі жоғары аймақтарда ересектерге энцефалитке қарсы екпе салу жұмысы жалғасып жатыр. Мұндай санатқа малшы, орманшы сынды тағы басқа мамандық иелері кіреді. 100-ден астам адам ерікті түрде вакцина салдырған. Мамандардың айтуынша кене шағып, асқынған жағдайлар тіркелген жоқ.
Гүлида Жәкеева, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Солтүстік Қазақстанда эндемиялық аудан ол- Айыртау ауданы болып табылады. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша Айыртау ауданы бойынша сәуір және қыркүйек айында дезинсекциялық шаралар жүргізіледі. 2024 жылдың 5 айында кене энцефалиті және лайм боррелиоз тіркелген жоқ.
Эльмира Кәленова