Алматыда метроны салу кезінде 5 млрд теңге жымқырды деп айыпталған он адамға үкім шықты. Бас көлік прокуратурасының дерегінше, «Метрополитен», «Алматыметроқұрылыс», «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» мекемелерінің бұрынғы басшылары 2018-2020 жылдары метро құрылысына керек-жабдық құнын 10 есе қымбат көрсеткен. Артық ақшаны жалған фирмалар арқылы иеленген. Сот оларды 7-8 жылға соттап, құны 1 млрд теңгеден асатын дүние-мүлкін мемлекет пайдасына берді.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда метро құрылысына бөлінген 5 млрд теңгені жымқырғандар сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/195752/)