Бишімбаев ісі: Үкім өзгеріссіз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бишімбаев ісі: Үкім өзгеріссіз қалды

26.06.2024

Бүгін бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша апелляциялық сот өтті. Процесс тікелей эфирде көрсетілді. Астана қалалық соты экс-министрдің адвокаттарын тыңдады. Жәбірленуші тарап пен прокуратура үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Апелляциялық сатыда сот үкімі өзгеріссіз қалды. Айта кетейік Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға сотталған болатын.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу