Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша ТМД елдері арасында көш бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша ТМД елдері арасында көш бастады

26.06.2024

ТМД елдері арасындағы интернет жылдамдығы ең жоғары ел – Қазақстан. Мобильді интернет жылдамдығын бақылап отыратын SpeedTest Global Index рейтингінде еліміз 64-ші орынды иеленген. Қырғызстан 74-ші орынға жайғасып, көршілес елдер арасында екінші орында тұр. Ал үштікті Өзбекстан түйіндеп, 89-шы орынға тұрақтады. Ресей аталған рейтингте – 105-ші, Тәжікстан 143-ші орында. Рейтингті қалыптастырушы ұйымның дерегіне сүйенсек, Қазақстандағы орташа интернет жылдамдығы 45,34 Мбит/секунд. Ал Өзбекстандағы көрсеткіш 29,50 Мбит/секундты құрады. Сарапшылардың сөзінше, аймақ елдерінің цифрлық технологияны дамыту бойынша бірлесе қолға алған жобалары баршылық.

Шавкат Алимбеков, Орталық Азия халықаралық институтының жетекші ғылыми қызметкері:

Орталық Азия елдері бойынша цифрлық инфрақұрылымды жүзеге асыру аясында 80-нен астам жоба қолға алынды. Мәселен, Қазақстанда 30 жоба, Өзбекстанда 26 ірі жоба жасақталып жатыр. Қырғыз елі мен Тәжікстанда – 10. Ал Түркіменстан 8 заманауи жобаны дамыту үстінде.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу