Құрылыс материалдарының 60% шетелден әкелінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыс материалдарының 60% шетелден әкелінеді

25.06.2024

Құрылыс материалдарының бағасы қымбаттамаса, арзандамайды. Себебі өнімнің 60-70 проценті шетелден келеді. Бұл туралы құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев айтты.

Құрылыс материалдарын сататын дүкендерде баға бақыланбайды. Сондықтан бүгін бекітілді деген баға, ертең-ақ шарықтап шыға келеді. Сарапшылар осындай пікір айтып отыр. Дүкендерді аралай келе, құрылысқа керек темірбетонның бағасы қаңтарда 15000-18000 теңге болса, қазір 20 000-24 000 теңгеге өскенін анықтадық. Арматура бағасы да биыл артқан. Жыл басында тоннасы 140000-150000 теңге аралығында болса, маусым айынан бастап 210 000-220000 теңгеге жеткен.

Талғат Ерғалиев, Құрылысшылар одағының төрағасы:

60-тан ары қарай сол сырттан келетін құрылыс заттарды құрайды. Сондықтан, ол жаңағы неге байланысты, теңгенің құлдырауына, транспорт төлемдеріне байланысты, сондықтан олар мынау электр төлемдеріне, жанармайға байланысты, сондықтан олар өссе, құрылыс заттары да бәрінің бағасы көбейеді.

Ал, Елордадағы құрылыс материалдарын сататын дүкен сатушысы бағаның өсуін өздері төлеп отырған салық және пайызын алып қалатын банк қосымшаларымен байланыстырып отыр.

 Береке Амангелді, сатушы:

Бізде налог қымбат, 3 процентке сосын бізде поставщиктер жоқ. Отандық тауарлар енді Қытаймен салыстырғанда 3-4 есе, Ресеймен салыстырғанда 2 еседей қымбат.

Экономист Сапарбай Жобаев қымбатшылықтан қорқудың қажеті жоқ, - дейді. Себебі, оның айтуынша, өндірілген құрылыс материалдарының бағасы өссе, отандық кәсіпорындардың өнім шығаруға қызығушылығы артады.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Ал, егер де біз оларды шектеп, ой арзаныраққа берген, жаңағы тақтайшаны арзан болсын, түсқағазың арзан болсын десең, онда оны ешкім шығармай қояды. Сондықтан өзіміздегі өндіргендердің бағасын сәл көтеріп, шеттен келетін қымбат құрылыс материалдарына, жаңағы кедендік төлемдер, қосымша құн салығын көбірек салуымыз керек. Сонда, олар өте қымбат болып кетеді да, өзіміздегі өндіретін өнімдерге сұраныс көбейеді.

Аида Ахметбек, тілші:

Еліміздегі өнеркәсіп комитеті өкілдерінің айтуынша, биыл құрылыс өнімдерін шығаратын 44 отандық кәсіпорын ашылады. 2029 жылға дейін 170 жоба қолданысқа беріледі. Осылайша импортқа тәуелділік азайып, баға тұрақталмақ.

Аида Ахметбек 

Хабарламаларға жазылу