Ұлыбританияда аптап ыстықта адам өлімі көбеюі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда аптап ыстықта адам өлімі көбеюі мүмкін

25.06.2024

Англияда аптап ыстық. Елде қауіптің сары белгісі жарияланды. Құзырлы органдар қолайсыз ауа райынан елде өлім-жітім көбеюі мүмкін екендігін осы бастан ескертіп жатыр. Әсіресе, егде жастағылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қиын болмақ. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау агенттігі мен Метеорологиялық бюросының хабарлауынша, күн 31 градусқа дейін ысиды. Ал бұл климат ылғалды ел тұрғындары үшін өте қауіпті. Оның үстіне, көптеген үйлерде ауа баптағыштары қарастырылмаған. Дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметі күшейтілген режимде жұмыс істемек. Аптап ыстық Англияның барлық аймағында бейсенбіге дейін созылатын түрі бар.


Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу