Ақтөбе облысының Нұра ауылында тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспана құрылысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының Нұра ауылында тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспана құрылысы басталды

25.06.2024

Ақтөбе облысының Нұра ауылында тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы басталды. Бұл елдімекенге тасқын су ең соңынан келді. Құрылыстың кеш басталуы да содан. Дегенмен тұрғындар қоныс тойын тамыз айында тойлауы тиіс. Олардың өтінішімен 74 жаңа үй ауылдан он екі шақырым қашықтағы Сарыоба деп аталатын жерден салынып жатыр. Ол жаққа су келмейді, қауіпсіз.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі мен облыс басшылығы мердігер компанияларға үйлерді сапалы салып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.

Жалпы, Ырғыз ауданы бойынша барлығы 134 баспана салынуы тиіс. Қазірге дейін 27 дайын үй сатып алынды.


Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу