Кибералаяқтар 1 жыл ішінде америкалықтардың 10 млрд долларын ұрлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кибералаяқтар 1 жыл ішінде америкалықтардың 10 млрд долларын ұрлаған

24.06.2024

Жалпы АҚШ-та жасанды интеллект арқылы қылмыс жасау соңғы уақытта күрт өскен екен. Сондықтан Вашингтон олармен күресті бастап кетті. 

Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы елге пайдасымен қатар зиян да қоса әкелді. Ғаламтор арқылы жасалатын қылмыс түрі күрт көбейді. Оның ішінде телефон алаяқтығы соңғы екі жылда бірнеше есеге өскен. Себебі, deepfake көмегімен адамдардың дауысын айнытпай салу мүмкіндігі артқалы өзгенің ақшасын жымқыру өршіді. Қарапайым тұрғындар өзге түгілі өз туыстарының да дауысын ажырата алмай, алданып қалып жатыр. Дженнифер Дестефано телефон алаяқтарынан зардап шеккен мыңдаған америкалықтың бірі. Қылмыскерлер қызының дауысын жасанды интеллект арқылы өңдеп, пайдаланып миллион доллар талап еткен.

Дженнифер Дестефано, телефон алаяқтарынан зардап шегуші:

Мен қызымның: «Анашым, бұл адамдар мені ұрлап кетті. Маған көмектесші. Маған көмектесші» деген жалынышты дауысын естіп шок болдым. Дауыс соншалықты шынайы болып көрінді. Жүз пайыз қызымдікі деп ойладым. Мүлдем күмәнім болмады.

Дженнифер бұл сынақтан стресс қана алса, мыңдаған америкалық қомақты қаржысынан қоса айырылды. Федералды тергеу бюросының мәліметіне қарағанда кибер алаяқтар бір жылдың ішінде американдықтардың шамамен $10 млрд долларын ұрлаған. Жалпы былтырмен салыстырғанда АҚШ-та дип фейкті қолдану арқылы қылмыс жасау он өсе өскен. Мұндай қылмыс түрімен күресу үшін ұлттық қауіпсіздік агенттігі тіпті арнайы құрлым да құрды. Ал, Ақ үй басшысы Джо Байден Конгрестің тиісті заң қабылдағанын күтпей, жасанды зердеден келіп жатқан зиянды азайтуды мақсатында арнайы жарлық шығарды. Ол бойынша бұдан былай компаниялар өз технологияларын көршілік қолданысқа шығармай тұрып, қауіпсіздігін дәлелдеуі тиіс.

Джо Байден, АҚШ Президенті:

Компаниялар өздері әзірлеп жатқан жасанды интеллект өнімдері туралы үкіметке есеп беруі және қарапайым адамдармен ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірмейтінін дәлелдеу үшін тәуелсіз сынақтардың нәтижелерін ұсынуы тиіс. Бір нәрсе түсінікті: жасанды интеллекттің әлеуетін іске асыру және тәуекелден құтылу үшін біз осы технологияны бақылауда ұстап, басқаруымыз керек, басқа жол жоқ.

Дегенмен сарапшылар үкіметтің қатаң бақылауы жаңа компаниялардың нарыққа шығуын бәсеңдетеді, елдің әлемдік арендағы бәсекелестігін азайтады деп санайды. Онсыз да 2022 жылдың өзінде Қытай жасанды интеллект саласындағы ғалымдар мен патенттеу саны бойынша американы басып оған. Бұған алаңдаған Конгресс сенаторлары шұғыл түрле алдағы үш жылда жасанды интеллектіні дамыту саласына 32 миллиард доллар бөлу мәселесін көтерді. Себебі әрекетсіздік АҚШ-ты қыруар табыстан қағып, экономикалық және әскери держава ретіндегі мәртебесіне орасан зор зиян келтіруі мүмкін дейді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу