Қазақстан мен Үндістанның орталық сайлау органдары өзара тәжірибе алмасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Үндістанның орталық сайлау органдары өзара тәжірибе алмасады

24.06.2024

Қазақстан мен Үндістанның орталық сайлау органдары өзара тәжірибе алмасады. Елордаға сапарлай келген Үндістанның Сайлау жөніндегі бас комиссары, ынтымақты арттыруға ниетті екенін жеткізді. Әлемдегі халқы ең көп мемлекет жуырда ғана Парламент Сайлауын өткізді. 44 күнге ұласқан науқанда 1млн сайлау учаскесі жұмыс істеп, 970 млн адам дауыс берген. Делегация өкілдерінің айтуынша, сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, 85 жастан асқандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үйден дауыс беріп, есебін онлайн бақылады. Ал, учаскеде қызмет еткен мамандар, түгел оқыту курстарынан өткен. Қазақстан үшін мұндай үлкен тәжірибенің маңызы бөлек,- деді, орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Раджив Кумар, Үндістан республикасының сайлау жөніндегі бас комиссары:

Біздің елде өткен сайлауға 27 елден байқаушы қатысты. Оның ішінде Қазақстанда бар. Белсенділіктеріңіз үшін алғыс білдіремін. Екі елдің қарым-қатынасы тығыз деп айтсам болады. Біз әріптестік байланысымызды жаңа деңгейге көтеруге дайынбыз. Бүгін тәжірибе алмасу жөнінде меморандумға қол қоюға уағдаласып жатырмыз.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу