Маңғыстауда балықшылар кәсібін дамыта алмай отыр. Мәселен,Түпқараған ауданының кәсіпкерлері балық қабылдайтын пункттің жоқтығына шағымданады. Олар лицензиясы бола тұра теңіз өнімдерін көп аулай алмайды. Себебі, тапсыратын орын жоқ. Тағы бір мәселе балықшылар өңделген балыққа сусидия бөлуді сұрайды.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Облыста балық аулау кәсібімен айналысатын 1 мыңға жуық тұрғын бар. Олар Каспий теңізінің Түпқараған, Қарақия және Ақтаудағы аумағынан балық аулауды күнкөріс көзіне айналдырған. Алайда, кәсіптері оңайлықпен келіп жатқан жоқ. Аулаған балықтарын қабылдайтын орталықтардың болмауынан, үйлерінен сатып, нәпақасын табуға мәжбүр.
Форт-Шевченко қаласының тұрғыны Мир Жолдыбаевта 2 мұздатқыш бар. Оған небәрі 300 келідей балық сыяды. Сондықтан ол одан артық ауламайды. Себебі босқа шіріп кетеді. Әйтпесе, 1 тоннаға дейін аулауға рұқсаты да, мүмкіндігі де бар. 50 жылдан бері балық аулауды кәсіп қылған тұрғын аймақта балық шаруашылығын дамытуға жағдай жасалмағанын айтады.
Мир Жолдыбаев, балықшы:
Біз күніне 200-300 келі аулаймыз да болды қайтамыз. Артық салатын жеріміз жоқ. Проблемамыз сол бізге жағадан морозильник, холодильник салса дейміз. Әуелі қабылдайтынын жасап алсын. Сол кезде балықшылардың бәрі де өздері үшін соған әкеліп тапсырады.
Балықшылар балықты аралға барып аулайды. Өйткені, жағалауда айлақтар салып, теңізге топырақ оның үстіне цемент төгіп тастаған. «Соның салдарынан жақын маңға балық келмейді»,-дейді. Сондықтан олар алыстан, үлкен еңбекпен әкелген балықты тиімді бағамен сатқысы келеді. Сол үшін ауланған және өнделген балыққа субсидия сұрайды.
Данияр Әкімжанов, «Қазақ балық» республикалық балық шаруашылығы және аква мәдениет қауымдастығы облыстық филиалының директоры:
Әр балықшы например өзінің 3-4 бригадасы бар. Ол 3-4 бригада 3-4 отбасынасырап отыр, қамтып, Манағы үкіметтік ұқолдауларды алатын болса, олар да алға қарай қарқынды түрде жұмыстарын жүргізуге дайын.
Облыстық балық шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, аймақта балық шаруашылығын дамытудың іс шара жоспары жасалып жатыр. Сондықтан ол Түпқараған ауданына барып, балықшылардың мәселесімен танысуға уәде берді.
Арман Молдашев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:
24 учаске 16 табиғат пайдаланушыға бекітілген. Балықшылар сол 16 субьектіге баолықшы жұмысшы болып тіркеледі. Олардың өзара шарттары бар. Олар бизнес өкілдері. Балықшы аулаған балықтарын мына субьектілер қабылдауы керек өздері.
Тағы бір мәселе, балықшыларға тек кефаль мен килькі аулауға рұқсат берілген. Бірақ ауға өзге де балықтар түседі. Алмасаң босқа өліп қалады. «Алсаң, айыппұл төлейсің»,-дейді. Сондықтан олар көксерке, сазан, шабақ сияқты балықтарға лицензия сұрайды.
Аягөз Оралбайқызы