Шегірткеден шығын келген жоқ. Ауылшаруашылық министрі осылай деді. Айдарбек Сапаров шегіртке жайлаған өңірлерді өзі аралап, жағдайды қатаң бақылап отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, зиянкестермен күреске препаратта та, қаражат та жеткілікті. Ал былтыр бұл жәндіктер 1,5 млн гектар жерге тараған. Бірақ, оларды жоятын өнім уақытында алынбағандықтан 2,5 млн гектар жерге көбейіп кеткен. Ауылшаруашылық министрі егер шаруаларға шегірткеден шығын келсе 5 пайыз жеңілдікпен субсидия беру мәселесі қарастырылғанын айтты. Жалпы, биыл зиянкестермен күреске 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Шегірткеден келген шығын жоқ бүгінгі күнде. Жаңа ғана келген шегіртке бірақ біздікілер уақытында обработка жасап үлгердік. Бекітілген бюджетте 4,2 млрд теңге ғана болды. Премьер-министр қолдап, тағы да 3,9 берді. Сондықтан бүгінгі күні қаражатымыз жеткілікті. Препаратымыз жеткілікті.
Самал Қабышева