Мемлекет басшысы Дағыстандағы лаңкестік шабуылға байланысты В.Путинге көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Дағыстандағы лаңкестік шабуылға байланысты В.Путинге көңіл айтты

24.06.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы шабуылға байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Кеше көршілес елде православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлері қаза тапты. «Қазақстан адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды», - делінген Президенттің жеделхатында. 


Қаракөз Тұрмағамбет

Хабарламаларға жазылу