Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр. Бұл жөнінде Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің мекен-жайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын, - деп жазды Берік Уәли.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас Прокуратура, аталған іске қатысты 18-ші маусымда сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу-жедел тобы құрылды. Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алғанын хабарлады.
Самал Қабышева