ШЫҰ: Астанаға 16 елдің басшысы келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ: Астанаға 16 елдің басшысы келеді

21.06.2024

Астанаға 16 елдің басшылары келеді. Елордада 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне осынша елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады деген жоспар бар. Ауқымды шараға ұйымға мүше және бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттер қатысады. Шанхай ынтымақтастық ұйымына 9 ел мүше, диалог бойынша 14 серіктес мемлекет бар. Үш ел Ауғанстан, Моңғолия, Беларусь бақылаушылар қатарында. Ал ұйымның басты мақсаты – мүше мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, татулық қарым-қатынасты нығайту. Саяси-экономиканы дамыту.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу