Мәскеуде «Эдгар» дауылынан 35 адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде «Эдгар» дауылынан 35 адам жарақат алды

21.06.2024

Мәскеуде қатты дауыл соғып, екі адам қаза тапты, 35 тұрғын түрлі деңгейдегі жарақат алды. Синоптиктер желдің күші 10 балға жеткенін айтады. Сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүйткіген жел үйлердің шатырын ұшырған. 1200-ден астам ағашты құлатты, 700 көлік бүлінді. Соңғы рет мұндай қатты дауыл Ресей астанасында 2018 жылы тіркеліп, 17 адам жарақат алған. Ал бұл жолғы дауылдан келген шығын бірнеше миллиард рубльден асуы мүмкін дейді мамандар. Синоптиктердің болжауынша, «Эдгар» деп аталатын дауыл бүгін Челябі, Пермь облыстарында қайталануы ықтимал

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу