СҚО-да тамақтан уланған әйел мен баланың жағдайы жақсарып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да тамақтан уланған әйел мен баланың жағдайы жақсарып келеді

19.06.2024

Солтүстік Қазақстан облысында тамақтан уланған әйел мен оның баласының жағдайы жақсырап келеді. Дәрігерлердің айтуынша, анасы жақын күндері үйіне жіберіледі. Ал бала жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем алуды жалғастырады. Жағдайы орташа. Айта кетейік, өткен аптада Қызылжар ауданындағы Нажедка ауылында тұтас отбасы тамақтан уланып, 3 жасар ұл мен 6 жастағы қыз бала қайтыс болды. Олар дүкеннен тұшпара мен шұжық алып жеген. Тергеу жүріп жатыр.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу