Орал қаласының әкімдігі 4 млн теңге тұратын бейнеконференцияға арналған байланыс жабдығын 45 млн теңгеге сатып алғысы келген. Бұл деректі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер анықтады. Қоғам белсенділерінің көмегімен бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Ал Шымкент қаласында Білім басқармасы мен бірнеше мектеп жетім балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыруды қайталап сатып алуға тырысқан. Еріктілер 78 млн теңгенің тиімсіз шығындалуының алдын алды. Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында 2700 белсенді жұмыс істейді. Олардың көмегімен бюджет қаражатының 7 млрд теңгесі үнемделген.
Ардақ Мұратқызы