Ақмола облысында зергерлік дүкенді тонағандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында зергерлік дүкенді тонағандар сотталды

19.06.2024

Ақмола облысында 71 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған екі адам 6 және 7 жылға сотталды. Олар осыдан бір жыл бұрын Степногорск қаласындағы дүкендердің біріне түнгі уақытта жасырын кіріп, 1365 дана алтын әшекейді жымқырып кеткен. Сотталушылардың кінәсі толықтай дәлелденді. Жәбірленуші тарапқа 30 миллион теңгеден астам қаржы көлемінде материалдық залал өтелді.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу