Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында су құбырын тартып жатқан жұмысшыны балшық басып қалды. Ол шұңқырға құлап кеткен. Ауыр жарақат алған 20 жастағы жігіт бірден ауруханаға жеткізілді. Қазір облыстық ауруханада емделіп жатыр. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сергей Ишин, облыстық Көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінің меңгерушісі:
Науқас санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткзілді. Балшықтың астында жатып қалған, гипоксия болғаны анықталды. Дегенмен, бас миына зақым келмеген. Бірнеше қабырғасы сынған. Кеуде қуысына, өкпесіне зақым келген. Тиісті емнің арқасында жағдайы тұрақталып келеді.
Эльмира Кәленова