Республикада 4 айда 51 бала жол апатынан көз жұмған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикада 4 айда 51 бала жол апатынан көз жұмған

19.06.2024

Республика көлемінде 4 айда мың жарымға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 51 бала қайтыс болып, 1700-ге жуық жасөспірім жарақат алған. Павлодарда жол-көлік апаты 67 пайызға көбейген. Қиыны сол, әр 5-ші жағдай балалардың қатысуымен болады. Мәселен, 357 жол-көлік оқиғасы кезінде 94 жеткіншек жапа шекті. Көз жұмғандары да бар. Күн жылынғалы полиция мотоцикл мінгендерді қадағалауды күшейтті.

Болат Аманбаева


Хабарламаларға жазылу