«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыдағы тау бөктері мен шатқалдарға апаратын жолдар да тазаланды. Алып шаһарда тұмса табиғатымен тамсандыратын жерлер көп. Әсіресе, таза ауада демалуды дәстүрге айналдырған қалалықтар біршама шақырым жолды артқа қалдырып, тауға жаяу көтеріледі. Алайда, өздерінен кейін қаншама қоқысты қалдырып кетеді. «Таза Қазақстан» науқаны басталғалы бері шатқалдар мен Алатау бөктері де толықтай тазалартылды, дейді белсенділер.
Серікболсын Сарыбаев, «Amanat» партиясы Түрксіб аудандық филиалының төрағасы:
Қалыпты тазалыққа, қалыпты қоршаған ортаны таза ұстауға, бізді тәрбиелік маңызы бар өте үлкен іс-шара. Алмарасан тау шатқалында сенбілік іс-шаралар өтті. Ол жерде партияластар біраз қоқысты тазалап, азаматтарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыруды ұйымдастырдық.
Айдана Қуантхан