Ақтауда теңіз жағасын дамыту қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда теңіз жағасын дамыту қолға алынды

18.06.2024

Ақтауда «Жылы жағажайда» бірнеше инвестициялық жоба инфрақұрылымның дайын болмауынан тұралап қалған.

Жағалауда әлі күнге су, электр энергия және жол мәселесі толық шешілмеген. Сондықтан, жергілікті билік теңіз жағасын одан дамытудың жұмыс жоспарын құрып жатыр. Оның аясында Ақтау қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, шетелдік тәжірибелер қолданылатын болады. Айта кетейік, Президент Каспийдің жағалауында туризм инфрақұрылымының сапасын арттырып, «Жылы жағажайдағы» жобалдарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Аббат Өрісбаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Жоспарлардың уақытында іске асырылмауы оған инфрақұрылымның дайын болмауы себеп болды. Сондықтан алдымен біз жедел түрде инфрақұрылым мәселесін шешуге жұмыстанып жатырмыз. Оның алдында жасалып жатқан жұмыстарды тағы да жандандырып, тағы да күшейтіп, қаржысын ұлғайтып, үлкен жоспар құрып жатырмыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу