Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматының мәйіті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматының мәйіті табылды

18.06.2024

Германияда жоғалып кеткен Қазақстан азаматының мәйіті табылды. Франкфурттағы Бас консулдығымыз берген ақпаратқа сәйкес, әйел адамның денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылған. Криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, марқұм Айгүл Сайлыбаеваның туыстары қазір Германияда. Оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу