«Қорғас» арқылы сауда-саттықпен айналысатын адам саны 2 млн-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорғас» арқылы сауда-саттықпен айналысатын адам саны 2 млн-нан асты

17.06.2024

Биыл – Қытайда «Қазақстан туризмі» жылы. Екі елдің шекарасында салынған «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы арқылы сауда жасайтындар саны 2 миллионнан асып, былтырмен салыстырғанда 148%-ға өскен. Қытайдағы «Қазақстан туризмі жылы» ең алдымен еліміздің танымалдылығын арттыруға, тартымды туристік дестинация ретінде ілгерілетуге көмектеседі. Сауда-саттық көлемі де жыл сайын артып жатыр, - дейді жүк тасымалымен айналысатын қытайлық компания өкілдері.

Линь Идзюнь, жүк тасымалдау компаниясының өкілі:

«Иу-Синьцзянь-Еуропа» жүк тасымалы Алашанькоу порты арқылы Қазақстанға кіреді. Одан ары Ресей, Беларусь, Польша арқылы Германия мен Францияға дейін 21 сағат жүріп өтеді. Бағыттың жалпы ұзындығы 13 мың шақырымнан асады. Жүк пойызы «Бір белдеу. Бір жол» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Бұл Қытай - Орталық Азия - Еуропа сауда байланысын орнатуға ерекше септігін тигізіп жатыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу