Жедел жәрдем жүргізушісіне жасалған шабуыл: Бұзақы екі бап бойынша сотталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдем жүргізушісіне жасалған шабуыл: Бұзақы екі бап бойынша сотталуы мүмкін

17.06.2024

Ал, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісіне жасалған шабуыл ісі бойынша сот отырысы онлайн өтті. Сотталушыға жаңа айып тағылды. Енді ол «Бұзақылық» және «Денсаулыққа қасақана, ауырлығы орташа зиян келтіру» баптарымен жауап береді. Ашық сот процесін 100-ге тарта адам бақылады. Оқиғақаңтар айының соңында, қаладағы ауланың бірінде болған.

Күдікті жүргізушіге бірнеше ауыр соққы жасаған. Бұл оқиға бейнежазбаға түсіп, желіде шу тудырды. Бүгінде прокурор, күдіктіге тағылған айыпты қатайтуды сұрады. Судья өтінішті қанағаттандырып, істі сотқа дейінгі тергеу сатысына қайтарды. Енді күдікті Нұрболат Дәкебаевқа, бірден екі бап бойынша, айып тағылатын болады. Күдікті 7,5 млн теңгеге жуық айыппұл арқалап, 2 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша барлығы 8 сот отырысы өтті.


Хабарламаларға жазылу