Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіндегі операциясында «тактикалық үзіліс» жариялады. Бұл шара 8 айдан бері атыс-жарылыстан көз ашпаған Газа секторы тұрғындарына, гуманитарлық көмек жеткізу үшін қажет. Рафах аумағында күн сайын сағат таңғы 8-ден бастап кешкі 7-ге дейін оқ атылмайды. Израиль бұл шешімді БҰҰ және халықаралық гуманитарлық ұйымдармен талқылаудан кейін қабылдаған. Қазір Газа секторындағы гуманитарлық жағдай күрделі. Анклав тұрғындарына азық-түлік пен ауыз су тапшы.
Арай Төлегенқызы