Ел бойынша 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел бойынша 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынды

17.06.2024

Құрбан айттың алғашқы күні, ел бойынша 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынды. Оның 10 пайызы онлайн тапсырыспен жасалды. Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі, осындай хабар таратты. Сойылған малдың дені- қой. 17 мың қой, сондай-ақ шамамен 1600 ешкі, ал ірі қараның саны 1300, сонымен қатар 5 түйе құрбандыққа шалынған. Діни рәсімді онлайн, яғни qurban2024.kz сайты арқылы 1800-ге жуық тапсырыс түскен. Діни басқарма құрбандық еті ел бойынша 62 мың отбасыға, 136 мекемеге таратылды деп отыр.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу