Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

16.06.2024

Бүгін Құрбан айт басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында: 

«Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Ата дініміздің ұлағаты біздің салт-дәстүрімізбен тығыз сабақтасып жатыр. Халқымыз қашанда қиындыққа тап болған жандарға қол ұшын беріп, көмегін аямаған. Көктемдегі алапат тасқын кезінде жұртымыздың осы асыл қасиеті айқын көрінді. Біз ырысты ынтымағымыздың арқасында кез келген қиындықты жеңеміз. Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Әр шаңыраққа амандық, толайым табыс тілеймін!» деген.


Хабарламаларға жазылу