Шымкентте гүлзарға келген қала тұрғындары енді, вальс королі Шәмшінің әндерін тыңдай алады. Шаһардың орталығындағы Шәмші аллеясында, музыка таңертең сағат 9-да Әнұранмен басталып, ұлы композитордың әндері түнгі 12-ге дейін шырқалады. Сазгердің 80 жылдық мерейтойында ашылған «Шәмші әлемі» кешенінің аумағы 5 гектарға жуық. Келешекте шаһардағы 10 саябақ пен 44 гүлзарда да, осындай музыка ойнайтын болады.
Бақтияр Спанов, қала тұрғыны:
Мына жерде бір ерекшелігі жаның да, тәнің де демалады. Қазақ халқының жүрегінен орын алған Шәмші әндерінің айтылуы осында отырған әрбір адамды тамсандырады, таңқалдырады. Қазақтың әнін тыңдап жүрсе ұрпағымыз атадан қалған қасиетпен қабылдайды. Өзге муызканы қабылдамаса да ұлттық музыканы қабылдайтынына кәміл сенемін.
Ғани Қалмаханов