«Төр Алтай жырлайды». Өскеменде осындай тақырыпта поэзия фестивалі өтті. Жыр кешінде өңірдегі өлең өлкесінде жүрген ақындар қатысты. Фестивалдің мақсаты - аймақта жүрген қаламгерлерді қолдау. Жалпы шығыстағы ақын-жазушылар мен журналистерді қолдаудың нақты жобасы жасалған. Сол жобаға сәйкес, әдебиетшілерді қолдау мақсатына фестиваль, мүшәйра және прозашылар байқауы өтіп тұрады. Оған қоса «Абай әлемі»деген атаумен өңірден шыққан ақын-жазушылардың туындылары мемлекеттік тапсырыспен жыл сайын шығып келеді.
Ұлықбек Есдәулет, ақын, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
Жастарға, ақындарға, жазушыларға демеу болатындай шаралар өткізілсе деген. Соның негізінде «Төр Алтай жырлайды» деген фестиваль. Бұл қалай болғанда да, әдебиетке мемлекеттік қамқорлықтың бір көрінісі деп қарау керек.