Қазақстан мен ТМД елдері. энергетика саласының ардагерлері Бурабайға жиналды. Онда 13-ші республикалық форум өтті. Энергетика саласы ардагерлерінің тәжірибесі мен ықпалы, болашақ мамандардың алдына қойған көптеген міндетті шешуге жәрдемдеспек. Шара барысында, резолюция әзірленді. Енді, ол энергетика министрлігіне жолданады. Форумға 5 мемлекеттің өкілі шақырылды. Шетелдік мамандар тәжірибе алмасудың және өз елдеріндегі жағдайды өзгертудің маңыздылығын атап өтті.
Досымхан Аралбаев, Энергетикалық компанияның бас директоры:
Бүгін электр энергиясының тапшылығы үлкен мәселеге айналған. Біз көршілес Ресейден, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан сатып алуға мәжбүрміз. Бұл мәселе әлі де өзекті. Сондықтан бүгінде еліміз бойынша 3 облыста жылу-электр орталығын салу, сондай-ақ қолданыстағы электр станцияларын қайта жаңғырту, мәселелері талқылануда.
Динара Жарқынбек