Соңғы бес жылда донор саны 14,4% артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы бес жылда донор саны 14,4% артқан

14.06.2024

Соңғы бес жылда Астанадағы Трансфузиология орталығында донор саны 14,4 пайызға артқан. Ал қан құю көрсеткіші 13,6 пайызға ұлғайған. Бұл туралы сенаторлардың медициналық ұйым қызметкерлерімен кездесуінде айтылды. Еліміздегі жетекші орталықта жыл сайын 380 мыңнан астам қан құю жүргізіледі. 100 мыңға жуық пациент донорлық қан өнімдерін алады. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесі, яғни 14 маусым дүниежүзілік донорлар күнімен құттықтады.

Қарагөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу