Алматы облысында 7 индустриялық аймақ құрылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 7 индустриялық аймақ құрылып жатыр

14.06.2024

Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдап, жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады. Өңір әкімінің айтуынша, облыста ауыл шаруашылығы, байланыс қызметі, көлік, құрылыс салаларында және сауда-саттық секторында айтарлықтай өсім бар. 7 индустриялық аймақ құрылып жатыр. Биыл 58 жоба жүзеге асырылып, 5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында 19,5 мың тонна тонна қоқыс жиналып, 6600 гектар аумақ тазартылғанын жеткізді.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

Облыста 7 индустриялық аймақ құрылып жатыр. Өңірдің 2030 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде жалпы құны 3,7 трлн теңгн болатын 207 жоба белгіленген. Кездесу барысында облыс орталығы Қонаевты жаңадан құрылған Алатау қаласын және тұтас агломерацияны дамыту перспективасы талқыланды. 


Хабарламаларға жазылу