Қазыбек Нөгербек шахматтан Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазыбек Нөгербек шахматтан Әлем чемпионы атанды

15.06.2024

Шахматшы Қазыбек Нөгербек әлем чемпионы атанды. Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлемдік бәсекеде ол алтын жүлдені жеңіп алды. Гроссмейстеріміз енді Әлем кубогында бақ сынайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазыбек Нөгербекті құттықтады.

«Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін», – делінген Президенттің жеделхатында. 

 Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу