Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын

13.06.2024

Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен кездесу өткізді. Екіжақты уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіп, энергетика, авиация және өзге да салалардағы өзара іс-қимылды күшейтуге басымдық берді. Қазақстан энергетика, сирек кездесетін жер металдарын игеру және қайта өңдеу, инфрақұрылым, автомобильдер мен олардың компоненттерін өндіру, су ресурстарын тиімді пайдалану сынды бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі. Өңдеу секторын дамыту — экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта корей компаниялары елімізде машина жасауды дамытуға мол инвестиция салып отыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу