Disney-дің тағы бір анимациялық фильмі қазақ тіліне аударылды. Бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрында «Ойжұмбақ» туындысы көрсетіле бастайды. Балаларға арналған базарлықтың басты кейіпкерлерін Санжар Мәдиев, Рүстем Жаныаманов, Луина сынды актер-әншілер дыбыстаған. Мұнда қазақ тілінің қолданыс аясын, әсіресе, балалар арасында сирек қолданылатын төл лексиканы орнықтыруға жол ашатын мысалдар көп. Disney жəне Pixar студияларының мультфильмін киностудия өз қаржысына аударған. Бұған дейін олар мемлекеттік тапсырыспен немесе жеке қаражат есебінен дубляждалған.
Шахмұрат Ордабаев, дубляж режиссері:
Шамамен осындай жобаларды дыбыстауға, музыкалық емес жобаларды дыбыстауға шамамен 15 күннен 35-40 күнге дейін кетуі мүмкін. Осы фильмге жалпы мәтінді, ең бірінші бастапқы кезеңдегі мәтінді аударудан соңғы қосымша сәттерді жазғанға дейін бас-аяғы 30 күндей уақыт кетті.
Киностудия биыл Disney-дің «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударып жатыр. Жалпы, Disney жыл сайын əр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жуық нұсқасын дайындайды. Қазақ тіліне 2011 жылдан бері аударылып келеді.
Асылбек Данияр