Оралда тасқыннан зардап шеккен саяжай тұрғындарының арасынан тағы да 15 отбасы баспаналы болды. Екі айдан бері үйсіз-күйсіз қалған қамкөңіл жандарға жаңа үйдің пәтер кілттері табыс етілді.
Қалалық комиссия шешімімен 300-ге жуық отбасына пәтерлер бөлініп, құжаттары рәсімделіп жатыр. Көшербаевтар отбасының «Нұрлы жол» саяжайындағы үйі Жайық тасыған кезде суға кетті. Жалғыз баспанасынан айырылған жанұя бірнеше ай бойы эвакуациялық бекетті паналады. Жаңа үй алған отбасының көптен күткен қуанышын туған-туыстары түгел келіп бөлісті. Жалпы, қалалық комиссияға саяжай тұрғындарынан 10 500-ге жуық өтініш түскен. Солардың ішіндегі 4500 і саяжайы жалғыз баспанасы деп танылған тұрғындар.
Ардақ Мұратқызы