Тұрмыстағы зорлық зомбылыққа қарсы заң 16 маусымнан бастап күшіне енеді. Енді отбасының берекесін қашырғандар бұрынғыдай әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікпен жазаланады. Құжатта тағы қандай нормалар бар? Осы сауалға жауап алу үшін Парламент Сенатының депутаты Амангелді Толамисовпен тікелей байланысқа шығып отырмыз.
Амангелді Толамисов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жалпы бұл заңды қазір тек қана балалардың қауіпсіздігі мен әйел құқықтарын қорғауға ғана бағытталған дейді. Бірақ та бұл қабылданған заң ҚР азаматтарының кез-келгенінің қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуына бағытталады. Мысал келтіре кетсек, осы заңда ҚК-ке енгізілген өзгеріс бар. Яғни, 98 баптың үшінші тармағында абьюзерлермен агрессорларға қарсы бағытталған норма енгізілді. Сол нормаға байланысты абьюзер дегеніміз ол – моральдік тұрғыда әдейі зорлық көрсететін адамдарды айтады. Сондықтан, бұл тек қана ер адамдарға ғана емес, әйел адамдарға да бағытталған. Агрессор да әйел адам болуы мүмкін. Сондықтан, кез-келген абьюзер болған, не агрессор болған азаматқа осы бап қолданылатын болады.
Ал енді қашан нәтиже береді деп ойлайсыз?
Амангелді Толамисов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Осы заң қабылданғаннан кейін, отбасындағы жанжал, зорлық-зомбылық, жеңіл жарақат келтіру, ұрып соғу сияқты келеңсіз оқиғалар азаяды деген сенімдеміз. Себебі осы заңның қабылдануымен осы бағытта жасалған қылмыстардың барлығына жаза күшейтіледі. Кез келген адам осы әрекетке барарда ойланады деген сенімдеміз. Мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықтар қазір қылмыстық құқықбұзушылыққа көшкеннен кейін, жазасы да күшейтілді. Мысалы денеге қасақана жеңіл жарақат келтіргені үшін бұрынғы норма бойынша 15 АЕК-те айыппұл салынып, 15 тәулікке қамалса, жаңа заң бойынша 200АЕК көлемінде айыппұл салынып, 50 тәулікке қамалады. Ал, ұрып-соғу болса 10 АЕК-те айыппұл салынып, 10 тәулікке қамалған. Ал, жаңа заң бойынша 80 АЕК айыппұл салынып, 25 тәулікке қамалады.