Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті. Байжанов өзінің апелляциялық шағымында, іс-әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды, ал, Бишімбаев кесілген жазаны жеңілдетуді сұраған. Аталған іс 26 маусым күні Астана қалалық сотында қаралады.