Ұлытау облысында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Оған өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің мүшелері, Энергетика министрлігінің өкілдері мен жергілікті экологтар қатысты. Атом энергетикасы саласының мамандары маңызды стартегиялық нысанның маңызы жайлы түсіндіріп, энергетика секторын дамытудың жаңа түрлеріне тоқталды. Жергілікті тұрғындар болса реакторлардың қауіпсіздігі, экологияға зияны және кадрлар дайындау секілді өзекті сұрақтарға жауап алды. Жалпы бүгінде әлемдегі 10-нан астам ел атом электр станциясының игілігін көріп отыр. Ал, оны Қазақстанда салу мәселесі ұлттық референдум арқылы шешіледі.
Гүлмира Мұрсалова, ҚР Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары:
Әрине кейбір адамдар қолдамаймыз деді, кейбір адамдар қолдаймыз деді. Бірақ, қазіргі кім қолдайды, кім қолдамайды деген сұрақ емес, оны адамдар өз пікірлерін референдумда көрсетеді.
Жандос Бақытұлы