Павлодарда 68 бала көкжөтел жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 68 бала көкжөтел жұқтырған

11.06.2024

Қарағандыда 1 жастағы сәби көкжөтелден көз жұмды. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі айтты. Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, екпе салдырмаудың салдары осындай жағдайға жеткізіп отыр. Шетінеген сәбиге екпе салынбаған. Жалпы былтырдан бері елімізде көкжөтел күшейген.

Мәселен, Павлодарда өткен жылдың осы кезеңінде бірде-бір адам ауырмаған болса, биыл 68 сырқат ауруханаға жатқызылды. Олардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі бала. 90 пайызы екпе алмаған. Мамандар көкжөтелді емдеудің арнайы препараты жоқ екенін айтады. Жалғыз жолы - вакцина салдыру. Емханаларда вакцина қоры жеткілікті. Мемлекет тарапынан қосымша қаражат бөлінген.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу