Qurban2024.kz сайты іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Qurban2024.kz сайты іске қосылды

11.06.2024

Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайты іске қосылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу онлайн форматта жүзеге асатынын айтты.

Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Сондай-ақ, құрбан етін алам деушілер де өтініш қалдыра алады. Ал құрбандық шалынған соң, оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі немесе өзіңіз тексере аласыз.


Хабарламаларға жазылу