Елорданың іргесінде орналасқан Қараөткел ауылы бүгінде қоқысқа көміліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың іргесінде орналасқан Қараөткел ауылы бүгінде қоқысқа көміліп жатыр

11.06.2024

Елорданың іргесінде орналасқан Қараөткел ауылы бүгінде қоқысқа көміліп жатыр. Көшеде бұралқы итттер қаптап, қолқаны қабатын иіс тұрғындардың әбден мазасын қашырған. Жаз шыққалы су тапшылығы да өзекті мәселеге айналған. Қоқыстан көз ашпай отырған елді мекенге тілшіміз Тәуірбек Бозекен арнайы барып келді.

Бұл Астанадан не бәрі 15 шақырым жерде орналасқан Қараөткел ауылы. Тұрғындар екі аптадан бері көшеде бет-аузын тұмшалап жүруге мәжбүр. Ал әбден иістеніп кеткен қоқыстың айналасында қаңғыбас ит көп. Ата-аналар баласын есік алдына шығаруға қорқып қалған.

Бағила Кәкімқызы, Қараөткел ауылдық округінің тұрғыны:

Біттей балаларымыз жүгіріп осы мусорға келеді. Шетінен ауырып жатыр. Мынандай ауаны жұтып. Балалар келіп ұстайды. Уақытылы алынбайды. Жаз болса су деген тоқтап қалады.

Айкерім Өтегенова, Қараөткел ауылдық округінің тұрғыны:

Қалада мысалы 292 теңге болса тариф адам басына. Бізде 671 теңге. Біз екі жарым есе көп төлеп отырмыз, қалакінен. Бірақ неге біздің құқықтарымыз тапталыпа отыр?!

Қараөткелдіктер осыдан бір жыл бұрын сайланған ауыл әкімі біздің өтініш-талаптарымызға құлақ аспайды деп қапалы. Тіпті халық алдында шығып бірде-бір рет есеп бермеген көрінеді.

Бұл жолы да ауыл әкімі тұрғындардың сауалына мандытып жауап бермеді.

Талаптан Дауылтаев, Қараөткел ауылдық округінің әкімі:

Біздің ауылдық округтің атынан оларға көп сөзіміз жүрмейді. Бұлар келсе де ЖКХ-мен договорға отырады. Договорға отырғаннан кейін барып бізге келеді. Кімнің сөзі жүреді сонда? ЖКХ. Халық кімге шағымдану керек? Заказшиктің өзі ЖКХ. Біздің әкім сіз!

Қыс бітсе қар суымен, жаз келсе қоқыспен алысатын ауыл адамдары енді шағымын кімге барып айтарын білмей дал.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу