Бұл жолы Бородулиха ауданының тұрғындары қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын қоқыстан тазартты. Тазалық акциясына аудандағы мекеме ұжымдары мен ауыл тұрғындары түгел шықты.
Мағжан Табылдин, Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары:
«Бүгінгі күнге дейін жалпы 8,5 мыңға жуық адам жұмылдырылған болатын. 14 мың куб қоқыс шығарылды. Бүгінгі күні көшеттерді отырғызу ағаш отырғызу, көл жағасын тазарту және ақтау сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр».