Алматы облысында үйлену тойында әуеге оқ атқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында үйлену тойында әуеге оқ атқандар ұсталды

10.06.2024

Алматы облысында тойда тапанша, автоматпен оқ атқандар ісі Ішкі істер министрлігінің тікелей бақылауында. Бұған дейін әлеуметтік желіде үйлену тойында бір топ жастың әуеге оқ атқан видеосы тарады. Полиция қызметі мен арнайы жасақ жауынгерлері атыс қаруын қолданғандарды дереу қолға түсірген. Қазір олар тергеу изоляторында. Оқиға ізімен бұзалық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу